Yessenov Launch Pad 2026

САЙТ БЕТІНІҢ ТӨМЕНГІ ЖАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН БАҒДАРЛАМА ЕРЕЖЕСІМЕН ТОЛЫҚ ТАНЫСЫП ШЫҒУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІН. Shakhmardan Yessenov Foundation hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған 10 грант байқауын  жариялайды. ЕГЕР СЕН:
  • ҚР азаматы болсаң;
  • Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаң;
  • Cенің мамандығың – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, математика және статистика, денсаулық сақтау саласында болса;
  • Өзіңнің soft және/немесе hard skills дағдыларыңды дамытқың келсе.
Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, ұзақтығы 10 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігің бар! Грант сомасы 600 000 теңгені құрайды! Бұл үшін 2026ж. 10 қыркүйектен бастап 14 қазанға дейін төмендегі онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет: Міндетті құжаттар:
  • жеке куәліктің сканы;
  • неліктен оған қосымша дағдылар қажет екенін, олардың кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін түсіндіруі керек эссе;
  • түйіндеме.
Қосымша құжаттар:
  • Үміткердің жетістіктерін және/немесе бағдарлама Ережесінің 3.1. тармағына сәйкес нақты саладағы мүдделерін білдіретін Портфолио және тиісті растауды ұсыну: – 3 құжаттан артық емес;
  • Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;
  • Академиялық жетістіктер, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктер, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқандары үшін сертификаттар – 3 құжаттан артық емес*;
  • Жеке немесе ұжымдық жарияланымдар – 2 құжаттан артық емес;
  • Диплом, болған жағдайда (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;
  • Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес*
* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырада. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.
[download url="https://yessenovfoundation.org/wp-content/uploads/2026/08/erezhe.pdf" title="Ереже"] [download url="https://yessenovfoundation.org/wp-content/uploads/2026/10/2-kezeң-қatysushylarynyң-tizimi.pdf" title="2-кезең қатысушыларының тізімі"]

Көру саны: 2,242